Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Чжан Сяоган Жапонияның қарсылас базаларына соққы жасауға қабілетті алыс қашықтықтағы зымырандарды орналастыру туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.
«Жапонияның бақылаусыз әрі қауіпті түрде үдеп бара жатқан ремилитаризациясы оның пацифистік Конституциясы мен тек қорғанысқа бағытталған қағидаттарын толықтай бұзу болып табылады», – деді ол.
Оның айтуынша, Жапонияда неомилитаризмнің таралуы нақты қауіпке айналып отыр.
«Егер ашулы жолбарыс тордан босап шықса, ол айналасына міндетті түрде зиян келтіреді әрі жапон халқын да ауыр зардаптарға ұрындырады», – деді Чжан Сяоган.
Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықты бұл жағдайға мұқият болуға шақырды.
Қытай өкілінің айтуынша, елдің қарулы күштері кез келген қауіп пен арандатушылыққа қарсы тұруға дайын.
«Біз агрессорларды ауыр жауапқа тартуға және Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға қабілеттіміз», – деп мәлімдеді ол.
Айта кетейік, Қытай да Қарулы күштердегі саяси тәртіп пен оқытуды күшейтпек.