Қытайда ақшаны жылыстатуға қарсы күресті күшейтуге арналған құжат қабылданды

17.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аталған нұсқаулық Қытай Халық банкі мен тағы жеті мемлекеттік ведомствоның бірлесіп қабылдауымен әзірленген. Құжат ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жоятын қаруды тарату әрекеттерінің алдын алуға, сондай-ақ осы саладағы арнайы сақтық шараларды біріздендіруге бағытталған.

Нұсқаулыққа сәйкес, барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар заң талаптарына сай арнайы санатқа енгізілген субъектілерге қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы шараларды міндетті түрде қолдануы тиіс. Бұл санатқа Мемлекеттік антитеррористік жұмыс жөніндегі жетекші топ айқындаған және оның кеңсесі жариялаған террористік ұйымдар мен жекелеген тұлғалар жатады.

Сонымен қатар арнайы санатқа Қытай Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындау туралы хабарламаларында көрсетілген нысаналы қаржылық санкцияларға іліккен ұйымдар мен жеке тұлғалар да енгізілген.

Бұдан бөлек, Қытай Халық банкі немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар дербес не бірлесіп айқындаған, ақшаны жылыстату тәуекелі жоғары деп танылған және оларға қатысты шара қолданбау ауыр салдарға әкелуі мүмкін субъектілер осы тізімге кіреді.

Құжатта көзделген арнайы сақтық шараларына аталған субъектілерге, олардың агенттеріне, бақылауындағы ұйымдар мен тұлғаларға, сондай-ақ тікелей немесе жанама түрде өздері бақылап отырған құрылымдарға қаржылық қызметтер көрсетуді, қаражат немесе активтер беруді дереу тоқтату және тиісті қаражат пен активтердің қозғалысын шектеу шаралары кіреді.

Сондай-ақ нұсқаулықта қаржы ұйымдарына ақшаны жылыстатуға қарсы арнайы сақтық шаралар бойынша ішкі бақылау жүйелерін құру және жетілдіру, сондай-ақ тиісті тәуекелдерді анықтап, бағалау тапсырылған.

Айта кетейік, Қытай шетелдік облигация инвесторлары үшін салық жеңілдіктерін ұзартты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью