Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қытайда қысқы балық аулау фестивалі басталды.
Бұл күндері халық мұз қатқан көлдерге шығып жаппай ау тартады. Бір дегенде тонна-тонна балық шығарылады. Осы көріністі тамашалуға қытайдың түкпір-түкпірі мен шетелдерден мыңдаған саяхатшы арнайы келеді. Осылайша балықшылар күнделікті тірлікті туризмге айналдырып отыр. Биылғы маусымның ашылуы кезінде жылдың рекорды орнады. Олар ауды бір тартқанда 30 тоннаға жуық балық шығарды. Ауланған балық мұз үстіндегі жәрмеңкеде саудаланады. Түрлі тағам әзірленіп, жылжымалы мейрамханаларда сатылады. Дәстүрлі іс-шара ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Сюй Вэнь, саяхатшы:
- Осыншама көп әрі үлкен балықтарды көрген емеспін. Анау үйіліп жатқанның бәрі балық. Аулау тәсілі өз алдына бөлек рәсім. Бұл керемет көрініс. Ашық аспан астында серуендеп солтүстіктің суығын сезіну үшін арнайы келдім.