24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қытайда ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылға дайындық қызу.
Елдің оңтүстік-батысындағы Цзыгун қаласында дәстүрлі шамдар фестивалі басталды. Көрме аясында 200-ге жуық шамды назарға ұсыну үшін мыңнан астам адам еңбек етті. Фестиваль заманауи форматта 1960 жылдардан бастап өткізіліп келеді. Жалпы жарық шоуларын өткізу және қолдан шамдар жасау дәстүрі бірнеше ғасыр бұрын басталған. Шара 5 аптаға жалғасып, жаңажылдық карнавалмен аяқталады. Биыл аспанасты елі жаңа жыл мерекесін 17 ақпанда атап өтеді.