Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қытайда гүлге сұраныс күрт өсті. Нарықтағы құны 20 пайызға қымбаттап, экспорт көлемі артты.
Тапсырыс ең көп түскен елдердің қатарында Қазақстан да бар. Гүл индустриясына жасалған талдауға сәйкес, жаңа жыл қарсаңында сатылым 15 пайызға көбейді. Тіпті көтерме бағамен сатушы компаниялар төлемді алдын ала жасап тастаған. Айта кету керек, көрші елден Қазақстанға гүлдің 19 түрі экспортталады. Негізінен раушан, қалампыр, лала-гүлдерге сұраныс жоғары. Маусым кезінде Қазақстанға апта сайын 100 мың дана көлемінде гүл жөнелтіледі.