24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қытайда мұздықтар шегініп барады. Кейінгі жарты ғасырда 20 пайызы еріп кеткен.
Әсіресе оңтүстік-батыс бөлігіндегі тауларда күрт төмендеді. Мәселен, Сычуань аймағындағы Дагу мұздығы 70 пайызға еріп, кейбірі мүлдем жойылды. Ал ерімей сақталғандардың беті ластанып кеткен. Тибет автономдық ауданында мұздың еруі қыс мезгілінде де байқалып отыр. Қардың орнына жаңбыр жауып еру процесін жылдамдатуда. Қытайлық экология, қоршаған орта және ресурстар институтының мамандары дабыл қағып жатыр. Ғалымдар мұны жаһандық жылынумен байланыстырады