Қытайда қанды дронмен тасымалдайды

28.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қытайда адамның қаны дронмен тасымалданады. Бұл әдіс оқыс оқиға болған жерге қанды жедел әрі дер кезінде жеткізуге мүмкіндік береді. 

Әсіресе таулы аймақтар мен кептеліс көп болатын мегаполистерде жиі қолданылады. Дәстүрлі жолмен жүкті жеткізуге төрт сағат кетсе, әуе көлігі 45 минутта апарады. Бұл төтенше жағдай кезінде адамдарды аман алып қалу таптырмайтын құрал болып отыр. Ғалымдар оны ұшатын зертхана деп атайды. Өйткені бұл әуе техникасы қан құрамындағы плазма мен тромбоциттерге қажетті температураны бақылап, автоматты түрде реттеп отыра алады. Қазір бұл жоба Чэнду қаласында тұрақты жұмыс істеп тұр. Тек медицина емес, логистика, туризм, апат кезінде құтқару сияқты 86 түрлі бағытта пайдаланылады. Биыл жергілікті билік жобаның тиімділігін арттыру мақсатында 14,24 миллиард доллар көлемінде қаржыландырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью