Қытайда семіздікпен ерекше әдіс бойынша күреспек

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алғашқы үш күннің ішінде «сауықтыру марафонына» қатысуға 2400-ден астам адам өтініш берген. Жоба негізінен жұмыс істейтін халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Бағдарламаға медициналық сақтандыруы бар немесе өңірдің әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар үміткерлердің дене салмағы индексі 23-тен жоғары болуы тиіс. Бел көлемі әйелдерде 80 см-ден, ал ерлерде 90 см-ден асуы қажет.

Қатысушыларды тіркеу 20 наурызда аяқталады. Одан кейін 23–27 наурыз аралығында бастапқы салмақ өлшенеді. Ал қорытынды нәтиже 2027 жылдың 1–10 қаңтары аралығында анықталады.

Ұйымдастырушылар салмақты өнімге айырбастау шкаласын да бекіткен. Әр 0,5 кг арықтаған адам 0,5 кг сиыр еті немесе 1,5 кг сиыр сүйегін ала алады. 1 кг салмақ тастағандарға 0,5 кг сиыр құйрығы беріледі. Ал 1,5–2 кг арықтағандар сиырдың ішек-қарны мен тілін алады. Бір қатысушыға берілетін сыйақы ең көп дегенде 10 кг тасталған салмақпен шектеледі.

Жергілікті билік қатысушыларға зиянды арықтау тәсілдерін қолдануға болмайтынын ескертті. Атап айтқанда, арықтататын дәрілер, құстыру құралдары немесе басқа да қауіпті әдістерге тыйым салынады.

Бұған дейін Қытайда халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью