Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Big Data Industry Expo — әлемдегі үлкен деректер тақырыбына арналған алғашқы халықаралық көрме. 2015 жылы құрылғаннан бері бұл шара жаһандық цифрлық экономиканың дамуындағы жаңа үрдістерді таныстыру алаңына және сала жетістіктерімен алмасудың негізгі платформасына айналды.
2026 жылғы көрмені Қытайдың Мемлекеттік деректер басқармасы мен Гуйчжоу провинциясының үкіметі бірлесіп ұйымдастырады. Іс-шара 6 негізгі секциядан тұрады, ал кәсіби көрме алаңдарының жалпы ауданы 60 мың шаршы метрді құрайды.
Гуйян қаласы өзін ұлттық деңгейдегі есептеу қуаты базасына және Қытайдың батысындағы цифрлық экономика инновациялық орталығына айналдыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деді қала әкімінің орынбасары Фу Тао.
Қазіргі таңда қалада 27 ірі және аса ірі деректер орталығы жұмыс істейді. Олардың жиынтық есептеу қуаты 165 экзафлопстан асады, оның 98%-дан астамы жасанды интеллект негізіндегі есептеулерге тиесілі. Локализация деңгейі 90%-ға жеткен. Осылайша Гуйян Қытайдағы ең қуатты есептеу ресурстары шоғырланған аймақтардың біріне айналған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайда киберкеңістікке қатысты 180-нен астам заң мен нормативтік акт күшіне енді.