Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл туралы Қытайдың Азаматтық авиация басқармасы (CAAC) жариялаған ресми деректерде айтылған.
Статистикаға сәйкес, 2025 жылы ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшу сағаты 45,3 миллионға дейін өсіп, 2024 жылмен салыстырғанда 69,9 пайызға көбейген.
Сондай-ақ Қытайда азаматтық авиация саласының да қарқынды дамуы байқалады:
65 тасымалдаушы әуе компаниясы жұмыс істейді 4 574 азаматтық әуе кемесі тіркелген 5 488 тұрақты әуе бағыты бар 2025 жылы жолаушылар тасымалы 770 миллионнан асты Жүк және пошта тасымалы 10 миллион тоннадан жоғары болды.Сонымен қатар, халықаралық бағыттардағы жолаушылар мен жүк тасымалы 20 пайыздан астам өскен.
2025 жылдың соңына қарай материктік Қытайда 270 әуежай жұмыс істеген (бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 әуежайға көп), олардың 41-і жылына 10 миллионнан астам жолаушы қабылдайтын ірі әуежайлар қатарына жатады.
Бұған дейін Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыратыны хабарланды.