Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды

02.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік органдарынан ресми хабарлама алған. Қазіргі уақытта Қазақстан дипломаттары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ҚХР-дың құзырлы органдарына қосымша сұрау жолдаған.

Іздеуде жүрген 14 қылмыскер Ресей аумағында ұсталды

Сыртқы істер министрлігі ұсталған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс орнатылғанын және оған қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

«Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында», деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Махмұтхан Шерназаровтың туыстары Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаған болатын. Олардың айтуынша, Қазақстан азаматы мен Қытай азаматының арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан қытайлық азамат көз жұмған. Туыстарының сөзінше, жанжал кезінде М. Шерназаровқа бірнеше адам шабуыл жасап, кетуіне жол бермеген.

Олар тергеу барысында бейнежазбалар мен барлық дәлелдердің жан-жақты қаралып, істің объективті түрде зерттелуін сұрап отыр.

Жанбота БАХЫТБЕК,

ЕҰУ студенті

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью