Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қытайлар желді шексіз энергия көзіне айналдырды. Ол үшін кәдімгі батпырауықты пайдаланған. Көлемін бірнеше мың есе үлкейтіп 3-4 мың метр биіктіктегі желді аулайды.

Инженерлердің айтуынша, әуедегі жел әлдеқайда қуатты әрі тұрақты тоқ көзі бола алады. Инновациялық жоба экологиялық таза әрі тиімділігі жоғары. Мәселен, қолданыстағы электр станцияларын салу үшін гектар-гектар жер, қыруар қаражат қажет. Ал жаңа тәсіл жерді 95 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Цао Лунь, батпырауықты сынақтан өткізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі:

- Бұл энергия өндіруге арналған әлемдегі ең үлкен батпырауық. Біз алғашқы сынақтан өткізу кезеңін сәтті аяқтадық. Жинақталған мәліметтер терең ғылыми зерттеуге негіз болады. Осы жобаға қарап кешенді құрылысы жасалады. Бұл жасыл энергетика саласындағы әлеуеті жоғары жаңалық болып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью