Қытайда жасырын есік тұтқаларына тыйым салынды

07.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

BBC деректеріне сүйенген Aikyn.kz Қытайда электромобиль есіктеріне қатысты жаңа қауіпсіздік талаптары неге енгізілгенін түсіндіреді.

Қытай билігі электромобильдердегі жасырын есік тұтқаларын қолдануға ресми түрде тыйым салды. Қауіпсіздік талаптарын күшейту үшін шығарылған шешім бірқатар өліммен аяқталған жол-көлік оқиғаларынан кейін қабылданды.

Жаңа ережеге сәйкес Қытайда сатылатын барлық электромобильдердің және жаңа энергия көліктерінің (NEV) есіктері ішкі және сыртқы механикалық ашу тетігімен жабдықталуы тиіс. Мемлекеттік БКҚ-тың хабарлауынша бұл талап 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Тыйым салуға бірнеше қайғылы оқиға түрткі болған. Қытайда Xiaomi электромобильдері соқтығысып, электр қуатының істен шығуы салдарынан есіктер ашылмай қалып, жолаушылар көз жұмған. Осы жағдайлардан кейін электромобильдердің қауіпсіздігіне қатысты бақылау күшейтілді.

Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі бекіткен талапқа сай, жүксалғыштан басқа әрбір жолаушы есігінің сыртында тұтқаны қолмен ұстауға мүмкіндік беретін кемінде 6×2×2,5 см ойық болуы қажет. Ал көліктің ішкі бөлігінде есікті қалай ашу керегін көрсететін арнайы белгілер міндетті түрде орналастырылады.

Фото cocoonvehicles.co.uk сайтынан алынды.

Бұған дейін мақұлданып, нарыққа шығуға дайын тұрған модельдерге екі жылдық өтпелі кезең беріледі. Осы уақыт ішінде өндірушілер дизайнды жаңа талаптарға сай өзгертуі керек.

Жасырын есік тұтқалары Қытайдағы жаңа энергия көліктері (NEV) нарығында кең тараған. China Daily дерегінше, ең көп сатылатын 100 NEV моделінің шамамен 60%-ы осындай дизайнды қолданады. Бұл үрдісті әлемге әйгілі Tesla компаниясы кеңінен насихаттағаны белгілі.

Талаптар тек Қытай нарығына ғана қатысты, бірақ елдің жаһандық автонарықтағы үлесі үлкен болғандықтан, бұл шешімнің халықаралық әсері бар. Қазірдің өзінде АҚШ пен Еуропада Tesla көліктеріндегі есік тұтқаларына қатысты тергеулер жүріп жатыр. Мәселен, АҚШ-тың Жол қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы (NHTSA) Tesla Model Y көліктеріндегі электрлі есік тұтқалары кенеттен істен шықты деген тоғыз шағымды тексеруге кіріскен. Төрт жағдайда көлік иелері балаларды шығару үшін әйнекті сындыруға мәжбүр болған.

Сарапшылардың айтуынша, Қытайдың бұл шешімі электромобильдер дизайнын қайта қарауға және қауіпсіздік стандарттарын күшейтуге түрткі болуы ықтимал.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью