Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Табиғи апаттан елдің оңтүстік және орталық өңірлері қатты зардап шеккен. Әсіресе Хубэй провинциясы, Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы және Гуандун провинциясы аймақтарындағы жағдай күрделі.
Су тасқынына байланысты мектептер жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қауіпті аймақтардан шамамен 25 мың адам эвакуацияланған.
Қытай билігі табиғи апат салдарын жою жұмыстарына шамамен 22 миллион доллар бөлген. Ал синоптиктер қолайсыз ауа райы алдағы бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда табиғи апат елдің бірден 7 провинциясын қамтып, салдарынан 18 адам көз жұмғанын жазған едік.
Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерден 77 адам қаза тапты, тағы 137 адам жарақат алды.
Соңғы жаңалықтар
Түркістан облысында 5 жастағы қызды ит қауып алды
Оқиға • Бүгін, 08:45
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Теңге • Бүгін, 08:30
Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:00
Эверестте жаңа рекорд орнатылды: Бір күнде 274 альпинист шыңға көтерілді
Әлем • Бүгін, 00:53
АҚШ-қа виза уәде етіп, қазақстандықтарды 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды
Қоғам • Бүгін, 00:26