Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Гуанчжоуда өтіп жатқан WTA-250 халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Ол Нидерланд өкілі Изабель Хаверлагпен жұптасып, Гуанчжоуда өтіп жатқан Guangzhou Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты.
Дуэт жарыстың алғашқы кезеңінде Қытай теннисшілері Ихань Цюй мен Руен Жангты 6:3, 4:6, 10:5 есебімен жеңді.
Бірінші партия 31 минутқа созылып, қазақстандық-нидерландтық жұп 6:3 есебімен басым түскен. Екінші сетте қарсыласы таразы басын теңестіріп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Шешуші кезеңде Құламбаева мен Хаверлаг 10:5 есебімен жеңісті жетті.
1 сағат 23 минутқа созылған кездесуде Жібек пен оның серіктесі 66 ұпай жинаса, қарсылас жақ 56 ұпай алды.
Ширек финалда Құламбаева мен Хаверлаг Мария Козырева мен Майя Лимсденге қарсы ойнайды. Ресейлік-британиялық жұп турнирдің алғашқы кездесуінде үндістандық Рутуджа Бхосале мен тайландтық Пингтарн Плипуечті 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.