Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елге тұрақты тұруға (ТТЖ) 2,6 мыңға жуық адам келген. бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға көп және соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Arasha.kz.
Келгендердің барлығы дерлік – этникалық қазақтар. Олардың көпшілігі тұру үшін Алматы қаласын, Алматы және Жетісу облыстарын таңдаса, тағы бір бөлігі Астанаға қоныс аударған.
Өткен жылы Қазақстанға тұрақты тұруға барлығы 23,8 мың адам келді. Негізгі ағынды Өзбекстан азаматтары – 11,8 мың адам, сондай-ақ Ресей азаматтары – шамамен 4,7 мың адам құрады. Сонымен қатар, Ресейден келген қоныс аударушылар саны бір жылда шамамен 41%-ға азайған.