Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Орман және дала шаруашылығы мемлекеттік басқармасы хабарлады.
Аталған шешім Париж қаласында өткен ЮНЕСКО атқарушы кеңесінің 224-сессиясында қабылданды. Жаңа мәртебеге ие болған нысандар — Чжэцзян провинциясындағы Чаншань геопаркі (Шығыс Қытай) және Сычуань провинциясындағы Сыгунян тауларының геопаркі («Төрт ару тауы», Оңтүстік-Батыс Қытай).
Аумағы 1 043,1 шаршы шақырымды құрайтын Чаншань геопаркі кембрий кезеңінен ордовик кезеңіне дейінгі жақсы сақталған стратиграфиялық қабаттарымен және бай палеонтологиялық қазбаларымен ерекшеленеді.
Ал аумағы 2 764,01 шаршы шақырым болатын Сыгунян таулары геопаркі Цинхай-Тибет үстірті мен Сычуань ойпатының түйіскен жерінде орналасқан. Мұнда күрделі қатпарлы құрылымдарды, флиш шөгінділерін, аса биік таулар мен гранит шыңдарын көруге болады.
Осы шешімді ескере отырып, Қытайда қазір ЮНЕСКО-ның 51 жаһандық геопаркі бар. Олар елдің 24 провинциясында, автономиялық аймақтарында, орталыққа бағынатын қалаларында және Сянган арнайы әкімшілік ауданында орналасқан.
Осыған дейін Қытайда әлемдегі ең ірі суасты теміржол тоннелі іске қосылуға жақын екенін жазған болатынбыз.