Қытайдың гуманоид роботтары Орталық Азия нарығына бет алды

21.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Компанияның стратегиялық даму жөніндегі директоры Чжао Юйлидің айтуынша, Galbot Қытайда жинақталған робототехника енгізу тәжірибесін пайдаланып, Орталық Азия аймағында әріптестік аясын кеңейтуді көздейді. Қазіргі уақытта компания өнеркәсіп секторына робот жеткізу бойынша шетелдік тапсырыстар алып отыр.

– Өнеркәсіп, коммерциялық сала және денсаулық сақтау бағыттарындағы шешімдеріміз кең көлемде практикалық қолданыс кезеңіне өтті, – деді ол.

Қытайда Galbot «ақылды дәріханалар» желісін іске қосқан. Мұнда гуманоид роботтар түнгі ауысымда фармацевт қызметін атқарады. Компания өкілі У Вэньтао автоматтандыру онлайн тапсырыстарды тәулік бойы кідіріссіз өңдеуге мүмкіндік беретінін және персоналға түсетін жүктемені азайтатынын атап өтті.

Сондай-ақ адамға ұқсас роботтарды медициналық мекемелерге енгізу жоспарланып отыр. Онда олар пациенттерден бастапқы сауалнама алып, симптомдарды талдап, кейін дәрігерге бағыттайды.

Компания басшылығының мәлімдеуінше, Galbot-тың басты артықшылығы – синтетикалық модельдеу нәтижесінде жиналған ондаған миллиард дерек бірлігін қамтитын жеке деректер базасына негізделген. Қытайлық әзірлеуші Sim-to-Real әдісін қолданады, бұл оқыту алгоритмдерін виртуалды ортадан нақты жағдайларға көшіруге мүмкіндік береді. Соның арқасында embodied жасанды интеллектінің әлемдегі ең ірі моделі жасалған.

Бұған дейін Қытайда роботтардың басқа роботтарға арналған бөлшектерді өндіре бастағаны туралы хабарланған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью