Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Құтқарушылар үйінді астынан 10 адамды аман алып шықты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр. Үйінді астында әлі қанша адамның қалғаны нақтылануда.
Трагедияның ауқымды болуына қарамастан, одан да ауыр зардаптың алдын алуға коммуналдық қызметкердің қырағылығы себеп болды. Ол таңғы 08:00 шамасында тау жақтан тас құлай бастағанын байқап, дереу дабыл қаққан. Соның арқасында бір сағат ішінде қауіпті аймақтан 1100-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
Қытайда алапат дауылға байланысты 3 миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды
Қауіпсіздік мақсатында көшкін болған аумақтан 1 шақырым радиуста электр қуаты, газ және су беру уақытша тоқтатылды. Бұл жарылыс пен өрттің алдын алу үшін жасалған.
Қазір апат орнында 800 құтқарушы, геологтар және ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Мамандар тау беткейінің әлі де тұрақсыз екенін айтып, қайталама көшкін жүру қаупі сақталып отырғанын ескертті.