Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қытайдың Орталық метеорологиялық станциясының мәліметінше, тайфун теңізден Хуэйчжоу қаласы маңына, Шэньчжэнь мен Гонконгқа жақын аумаққа жеткен. Кадрларда қатты желдің адамдарды құлатып, ғимараттардың шатырлары мен қаптамаларын жұлып әкетіп жатқанын көруге болады.
Билік өңірде 29 уақытша паналау орнын ашып, мектептердің жұмысын тоқтатты. Тайфун алдында тек Гуандун провинциясының өзінен 340 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілсе, жалпы эвакуацияланғандар саны 700 мыңнан асты. Қазір табиғи апат өңірдің солтүстік бөлігіне қарай жылжып барады.
Қытайдың оңтүстік-батысында таудан көшкін жүріп, тұрғын үйлерді басып қалды
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы Гуанчжоуда нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 250 миллиметрге дейін жетуі мүмкін.