Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың сәуірі аралығында Сиань қаласының Чанъань ауданының Цзяли ауылы аумағында жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Шэньси Археология институты құрылыс алаңындағы көне қорымдарға археологиялық зерттеу жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде M228 нөмірлі қабір ашылып, мола иесінің Сарай күзеті сол қанатының жетекшісі Дун Шуньсяньнің жұбайы Ма Саньнян екені анықталды. 698 жылы көмілген қабірден барлығы 19 дана (топ) артефакты табылған. Олардың қатарында қыш және фарфор ыдыстар, қола, темір, алтын, күміс және тас бұйымдар бар. Әсіресе алтын тарақ, үш сирақты күміс ыдыс, күміс кубок секілді заттар көркемдігімен көз тартады.
Фото: news.cnШэньси Археология институтының ғылыми қызметкері Ши Шэннің айтуынша, қабірден шыққан алтын-күміс бұйымдардың дені – әйелдерге арналған әшекейлер мен заттар сақталатын ыдыстар. Күмістен жасалған үш сирақты құмыра мен кубоктың бүйірінде Орталық Азия аймағына тән жүзім мен ұшқат өрнектері бейнеленген. Ғалымның пікірінше, қабірден табылған алтын-күміс бұйымдар мен сасанилік күміс теңгелер айрықша назар аударуға тұрады және өз кезеңіндегі әлемдік мәдени байланыс пен сауда қатынастарын зерттеуге маңызды дереккөз ұсынады.
Бұған дейін Қытайдың Шэньси провинциясында мерзімі шамамен 3 000 жылға жуықтайтын 31 көне қабірден тұратын кешен табылғаны туралы жазған болатынбыз.