Қытайлық инвестор ​Жылыой жобасында: келіссөз жалғасып жатыр

30.07.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сурет: "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі транзит аймақтағы «Жылыой» бірлескен геологиялық барлау жобасы қарқынды дамып келеді. 

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Асхат Хасенов пен CNOOC Директорлар кеңесінің төрағасы Чуаньцзян Чжанның Пекиндегі кездесуінде мәлім болды.

Жоба тараптардың тепе-тең (50/50) үлесімен жүзеге асырылып жатыр, барлау кезеңінің қаржыландыруын қытайлық тарап қамтамасыз етеді. CNOOC — Қазақстанның геологиялық барлау саласына инвестиция салған Қытайдың алғашқы ірі компаниясы.

Қазіргі уақытта 400 бойлық шақырымдағы тарихи 2D сейсмикалық деректер қайта өңделіп жатыр. Жыл соңына қарай 400 шаршы шақырым аумақта 3D далалық сейсмикалық барлау жұмыстары басталады.

Кездесуде ҚМГ мен CNOOC еншілес компанияларының серіктестігі де талқыланды: KMG Drilling & Services пен COSL бұрғылау және сервистік қызмет саласында, ал ҚМГ Инжиниринг пен COSL ұңғымаларды игеру мен жаңа технологияларды енгізу бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Тараптар елдегі басқа перспективалы жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін де қарастырып, серіктестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Бүгін, 17:28

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью