Қыздарым шөп дәрімен емдеп, аман алып қалды...: Жүрсін Ерман денсаулығы туралы айтты

24.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Белгілі ақын Жүрсін Ерман "1001 түн" бағдарламасына cұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ақын денсаулығы туралы айтты. Айтуынша, қиналған сәтте жақындарынан, халықтан қолдау көрген.

"Мені құртқан қант қой. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыда ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер «Аяғыңызды кесеміз, әйтпесе болмайды, өліп қаласыз" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Шетелге барып келемін деп шештім. Сөйтіп Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан «Екі-үш күн өмірі қалды» деп шығаратын болды. Ол кезде есімді білмеймін. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деді Жүрсін Ерман.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью