Қызды аңдыған жігіт жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді

14.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қызылорда қаласында қызды аңдыған жігіт жарты миллион теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушіні әлеуметтік желілер арқылы мазалаған. Ұялы телефонымен және WhatsApp-пен қайта-қайта хат жазып, өз сезімін білдірген.

"Жәбірленуші оның абоненттік нөмірлерін бұғаттап тастаса да, тұрғылықты мекенжайына да, жұмыс орнына да көлігімен қайта-қайта барып, шығуын талап еткен. Осылайша, сотталушы 2022 жылдан бері жәбірленушіні жүйелі түрде аңдып, сталкинг жасаған",-деліген сот үкімінде.

Соның салдарынан жәбірленуші қала аумағында емін-еркін жүре алмай, басқа мекенжайға көшуге мәжбүр болған.

Сот үкімімен ер адам 25 тәулікке қамаққа алынды. Оған қоса, жәбірленушінің пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью