Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақмола облысының соты Щучинск қаласының тұрғынын қызды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды,– деп хабарлайды Aikyn.kz
Іс материалдарына сәйкес, ер адам мен жәбірленуші 2024 жылдан бері бірге жұмыс істеген әрі жақын араласқан. Тіпті, қызғаныштан бірнеше рет жанжал болған.
Арадағы қарым-қатынасты анықтау үшін ер адамның пәтерінде кездесіп, ішімдік ішіп, арадау дау шыққан. Салдарына ер адам қыздың беті мен денесіне жұдырықпен бірнеше рет соққы жасаған.
Жәбірленушінің есінен танып бара жатқанын байқаған ер адам жедел жәрдем шақырған. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Сараптама қорытындысына сәйкес, өлімге бауырдың жыртылуы салдарынан туындаған ішкі қан кету мен геморрагиялық шок себеп болған. Сондай-ақ марқұмның іш және кеуде тұсынан жарақаттар, қабырғасының сынуы, соғылу іздері және басқа да дене зақымдары анықталған.
Жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталған азаматтан моральдық зиянды өтеу үшін 12 миллион теңге, сондай-ақ материалдық шығын мен өкілдің қызметіне ақы төлеу шығындары ретінде жалпы сомасы 2 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарылды.