Қызмет көрсетудің сервистік моделі: жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер бар | Qazaq24.…
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Думан Қансейітов бизнес үшін негізгі өзгерістер мен артықшылықтар туралы айтып берді.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделі дегеніміз, бұл – азаматтар мен бизнес үшін қызметтердің қолжетімділігіне, ыңғайлылығына және сапасына бағытталған мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи тәсілі, — деп атап өтті Думан Қансейітов.
Модельдің негізгі мақсаты – әкімшілік тәсілден тұтынушыға бағытталған форматқа көшу, яғни назардың бәрі біріншіден қызмет алушыға аударылады.
Жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер қарастырылған • Нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру Егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, жүйе автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады.
Бұл есептілікті ұсынбағаны үшін хабарлама беруден, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудан және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауға, осылайша бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан айналымдар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданылады.
Сонымен қатар салық төлеуші мәлімделмеген кірістерді өз бетінше анықтаған және қосымша салық есептілігін ұсынған кезде жауапкершілік шаралары қолданылмайды.
Читать полностью
Читать новость