7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кэти Захария бес күн жұмыс істегеннен кейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметінен кетті. Оның жұмыстан босатылғанын The New York Times жағдайдан хабардар үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады TSN.
Захария қызметіне дүйсенбі, 12 қазанда кіріскен. Ал сейсенбіде алғашқы брифингін өткізді. Журналистермен кездесу кезінде ол негізінен алдын ала дайындалған мәтінді оқып, үш сұраққа жауап бергеннен кейін брифингті аяқтаған. NYT мәліметінше, оның бұл выступлениесі әкімшілік ішінде наразылық туғызған.
Оның кәсіби біліктілігіне қатысты да сұрақтар туындады. Захария өзін заңгер ретінде таныстырған, ал Трамп оны адвокат деп атаған. Алайда оның адвокаттық емтиханнан өте алмағаны белгілі болды. Кейін бұл мәселе Fox News эфирлерінде де талқыланды.
16 қазанда Трамп журналистерге Захарияға осы қызметте қалу туралы шешімін қайта қарауды ұсынғанын айтты. Кейін Ақ үй өкілі оның қызметтен кететінін растады. Захарияның өзі әлеуметтік желіде президентпен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Associated Press.
Қазақстанда да президенттің баспасөз хатшысы бірнеше күннен кейін қызметінен кеткен
Бұған дейін Қазақстанда да президенттің баспасөз хатшысы қызметінде санаулы күн ғана жұмыс істеген жағдай болған. Нұрмұхамед Байғара Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып 2023 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалды. Ал 11 қыркүйекте, бес күннен кейін, денсаулығына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді.
Байғараның айтуынша, денсаулығы сыр бергеннен кейін медициналық тексеруден өткен. Дәрігерлер ұзақ мерзімді ем тағайындап, ұшақпен ұшуға шектеу қойған. Бұл іссапарларға шығуды талап ететін қызметтік міндеттерін толық атқаруға кедергі келтірген. Ол басшылықтың шешіміне түсіністікпен қарағанын жеткізді. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Байғара президенттің баспасөз хатшысының орынбасары болған.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз. Захария қызметіне дүйсенбі, 12 қазанда кіріскен. Ал сейсенбіде алғашқы брифингін өткізді. Журналистермен кездесу кезінде ол негізінен алдын ала дайындалған мәтінді оқып, үш сұраққа жауап бергеннен кейін брифингті аяқтаған. NYT мәліметінше, оның бұл выступлениесі әкімшілік ішінде наразылық туғызған.