Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Атырауда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің сарбаздары ҚАЖ департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, мекеме аумағына заңсыз зат жеткізуге жасалған әрекеттің жолын кесті.
17 ақпанда сағат 14:05 шамасында автокөліктік бақылау-өткізу пунктінде КамАЗ жүк көлігіне қызметтік итпен кешенді тексеру жүргізілді. Нәтижесінде ерекше иісі бар жасыл түсті орама табылып, тәркіленді. Қызметтік ит Эльза тыйым салынған затты анықтап, тексеру жүргізуге негіз болды.
Бақылау тобының құрамында ефрейтор Нұрасыл Әбдреш пен кинолог қатардағы Алмат Дүйсенов болды. Олардың үйлесімді іс-қимылының арқасында режимдік нысанға заңсыз зат жеткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.
Қазіргі таңда бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда. Оқиға құзырлы органдардың бақылауында.
Айта кетейік, Ұлттық ұлан мен ҚАЖ департаменті мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілуін болдырмау бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді.
Бүгін, 11:35