Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кейінгі уақытта күре жолды қойып, қала көшелерінде жарыс ұйымдастыратын оспадар жүргізушілер көбейді. Осындай ессіздердің кесірінен талай адам жазатайым ажал құшып, талай отбасы қайғы жамылды. Қара жол үстіндегі осындай келеңсіздіктің алдын алып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында Абай облысы әкімдігі өңірлік тәртіп сақшыларының қызметтік көлігін көбейтті.
Ресми дерекке сәйкес, былтыр елімізде 36 мың жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 51 мың адам жарақат алып, 2330-2331 адам қаза тапқан. Мұндай адам шығыны тіпті соғыс жағдайында да тіркеле бермейді. Сорақысы сол, бұл көрсеткіш жыл сайын көбеймесе, азаймай отыр. Сондықтан жол қауіпсіздік шараларын күшейту күн тәртібінен түспек емес. Осы ретте, Абай облысы полиция департаменті мамандарына қызметтік автокөліктердің кілті тапсырылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.
Былтыр жергілікті атқарушы органдар тарапынан полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, арнайы техникалық құралдар сатып алуға тиісті қаражат бөлінген. Сол жұмыстың жалғасы ретінде биыл полиция қызметіне KIA «Cerato», «Elantra», JAC, «Cobalt» маркілі 137 жаңа автокөлік берілді. Көліктердің арасында 8 автобус бар.
Салтанатты іс-шарада өңір басшысы табысталған техникалар полиция қызметін жаңғырту, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау, жол қауіпсіздігі бағытындағы кешенді жұмыстың бір бөлігі екенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», деп өздеріңіздің табанды еңбектеріңізді ерекше атап өтті. Полицияның қызметін қолдау, олардың материалдық-техникалық базасын үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру – заман талабы. Осыны ескере отырып, бүгін облыс әкімдігі полиция департаментіне 137 қызметтік автокөлікті тапсырып отыр. Бұл – тек материалдық-техникалық базаны жаңарту ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, полиция жұмысының жеделдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған қадам», деді облыс әкімі.
Әкімнің сөзінше, өңірде құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық тұрғыда нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, биылғы үш айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құқықбұзушылық саны 18 пайызға төмендеді. Қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылық 246-дан 184-ке азайды.
«Қазіргі жағдайда жедел әрекет ету, жақсы жабдықталу және үйлесімді жұмыс істеу – азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі. Жаңа техникалар тиімді пайдаланылып, жұмыстың сапасын арттырып, өңір қауіпсіздігіне қызмет етуі керек. Сонымен қатар облыс әкімдігі алдағы уақытта облыс орталығы мен аудандарда жедел басқару орталықтарын салуға, радиостансалар мен қосымша автокөліктер алуға қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бүгінгідей көп мөлшердегі көлік облыс тарихында тәртіп сақшыларына берілген емес. Біз мұнымен шектелмей, алдағы уақытта полиция департаментінің автопаркін жаңалай беретін боламыз», деді Берік Уәли.
Көшеде қызметтік көлік көбейгеннен келеңсіздік сап тыйылады деу қиын, әрине. Өйткені жол қауіпсіздігі тек тәртіп сақшыларының емес, әр жүргізушінің жауапкершілігі мен жеке мәдениетіне қатысты мәселе.
Абай облысы
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Саясат • Бүгін, 08:02
Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы
Саясат • Бүгін, 08:00
Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Саясат • Бүгін, 07:55
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Саясат • Бүгін, 07:50
Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Тарихи келісім: Израиль мен Ливан 40 жыл үзілістен кейін келіссөзге келді
Әлем • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Әлем • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше