“Қызу пікірталас” Ұлттық банкте базалық мөлшерлеме бойынша шешім қалай қабылданды

24.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімнің екі нұсқасын қарастырыды. Ақша-кредит саясаты комитетінің отырысы қалай өткені туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк отырысында не болды?

Сүлейменовтің айтуынша, комитет отырысында екі нұсқа болған – мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтау немесе 0,25 пайызға төмендету.

"Мөлшерлемені сақтау немесе төмендету мәселесіне қатысты айтарлықтай қызу пікірталас болғанын айтуым керек. Қорытындысында біз екі күн бойы талқыладық. Комитет отырысы екі сессияға созылды. Нәтижесінде, мен атап өткен факторларды ескере отырып, мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа абайлап төмендету туралы шешім қабылданды", – деді ол.

Кейінгі бір жылда базалық мөлшерлеме қалай өзгерді?

2025 жылғы бірнеше өсімнен кейін (жыл басындағы 15,25-тен қазанға қарай 18 пайызға дейін) реттеуші қатаң кідіріс кезеңіне көшті.

2026 жылғы 23 қаңтарда Ұлттық банк мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен бұрынғы жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол тағы +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен бұрынғы жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін қабылдап, оны бұрынғы деңгейде қалдырды.

5 маусымда Ұлттық банк кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендетті.

Бүгін, 24 шілдеде Ұлттық банк мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 17 пайыздан 16,75 пайызға дейін төмендетті.

Неге базалық мөлшерлеме төмендетілді: Ұлттық банк түсіндірмесі

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Жарты ғасырдан кейін миллиондаған тыңдалым: танымал “Ақ сәулем“ әнінің авторы қазір қалай өмір сүріп жатыр?

Бүгін 10:06 1

ІІМ егде жастағы жүргізушілер үшін маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін 09:22 1

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью