Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мәлім болғандай, белгісіз біреулер әуежай атынан хабарласып, «сәлемдемеңіз келді, төлем жасау қажет» деген мазмұнда жалған ақпарат таратып жүр.
— Аталған хабарламалар мен қоңыраулар — алаяқтық әрекеттер. Қорқыт ата әуежайы жеке тұлғаларға телефон арқылы хабарласып, сәлемдеме немесе жүк үшін төлем талап етпейді. Азаматтардан күмәнді қоңыраулар мен хабарландыруларға сенбеуді, ақша аудармауды және жеке деректерін бермеуді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, антифрод жүйелерінің көмегімен елімізде 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған.