Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді

23.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қызылорда әуежайы вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына берілмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Биыл мамыр айының басында Sovico Group Қазақстандағы әуежайлардың бірін сатып алу немесе басқару мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған болатын. Кейін Сыртқы істер вице-министрі әңгіме Қызылорда облысындағы әуежайды басқару жөнінде болғанын нақтылаған. Маусым айында шетелдік компания өз жоспарын кейінге қалдырғаны белгілі болды.

Әкімнің айтуынша, тараптар келісімге келе алмаған.

– Біз Sovico Group компаниясымен келіссөздер жүргіздік, алайда олардың ұсыныстары бізді қанағаттандырмады. Біз өз шарттарымызды айттық, олар өз талаптарын ұсынды. Инвесторлар қосымша субсидиялауды сұрады, бірақ бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан, біз келіскен жоқпыз. Қазіргі уақытта өзге де әлеуетті инвесторлар қарастырылып жатыр. Дегенмен кез келген жоба ең алдымен мемлекет үшін тиімді болуы керек. Қарызы жоқ, тұрақты жұмыс істеп тұрған әуежайды субсидиялау шарттарымен басқа компанияға бере алмаймыз. Бұл жұмыс жалғасады, – деді аймақ басшысы.

Оның сөзінше, қазір әуежай өзін-өзі ақтап отыр, алайда табыс көлемі әзірге жоғары емес. Себебі рейстер саны тікелей сұранысқа байланысты. Қазіргі таңда әуе айлағы аптасына шамамен 29 ұшып-қону рейсіне қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Бүгін, 00:34

Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді

Руханият • Кеше

Лондонның Ресейге санкциясы: Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Санкция • Кеше

Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды

Инфрақұрылым • Кеше

Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?

Қаржы • Кеше

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

Қоғам • Кеше

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді

Қоғам • Кеше

Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді

Қоғам • Кеше

Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты

Аймақтар • Кеше

Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды

Медицина • Кеше

Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?

Айтыс • Кеше

Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі

Құрылтай • Кеше

Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды

Мәдениет • Кеше

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью