Қызылорда: Бүгін футболдан Қазақстан суперкубогы өтеді

28.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл ойын Қазақстан уақытымен 17:00–де елордадағы «Астана-арена» стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Былтыр алматылық клуб чемпионат атағын жеңіп алса, қостанайлық команда Қазақстан кубогын төбесіне көтерді.

«Қайрат» командасының құрамы

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Данила Буч, Шерхан Қалмырза;
Қорғаушылар: Луиш Мата, Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Александр Мартынович, Еркін Тапалов, Әмірбек Базарбаев, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лукас Африко;
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Олжас Байбек, Себастьян Себальос, Яакко Оксанен, Азамат Тұяқбаев, Дан Глазер, Ойва Юккола, Мұхамедәли Әбіш;
Шабуылшылар: № 7 Жоржиньо, № 9 Эдмилсон, № 10 Дастан Сәтпаев, № 15 Мансұр Бірқұрманов, № 23 Рамазан Бағдат, № 99 Рикардиньо.

«Тобыл» командасының құрамы

Қақпашылар: Данил Устименко, Юрий Мелихов, Сұлтан Бусурманов;
Қорғаушылар: Неманья Кавнич (Черногория), Папе Алиун Ндиайе (Франция), Марко Вукчевич (Черногория), Роман Асранкулов, Мейрамбек Қалмырза, Александр Марочкин;
Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жумат, Дамир Марат, Жаслан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Асхат Тағыберген, Данияр Үсенов, Бейбіт Ғалым, Сұлтан Бақыткириев, Абдулай Сиссе (Гвинея), Мохамед Амин Талал (Марокко), Максим Мякиш (Беларусь);
Шабуылшылар: Рубин Хебай (Албания), Луис Герра (Венесуэла).

Қазірге дейін аталған турнирдің финалда 10 команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» 10 мәрте финалға шығып, 5 рет (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) Суперкубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, соның үшеуінде (2016, 2017, 2025) жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ суперкубокта «Тобыл» бес мәрте ойнап, (2021, 2022, 2024) үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014) — 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайраттың» бапкері Рафаэль Уразбахтин Суперкубок қарсаңындағы дайындық туралы айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью