Қызылорда футбол клубы жеке меншікке өтті

31.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент биылғы Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын. Бұл жұмыс соған сәйкес атқарылып отыр. Басқарманың баспасөз қызметі футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның ішінде клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланды.

— Айта кетейік, елімізде алғашқылардың бірі болып қызылордалық «Қайсар» футбол клубы легионелерден толық бас тартып, жаңа маусымды жергілікті ойыншылармен бастаған болатын. Ал биылғы маусымда 22 ұпай жинап, жалпы кестеде 11 орынға тұрақтап, Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісу» мен «Қайсар» тең ойынға қанағат білдірген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью