Қызылорда облысына тері және жүн өндірісін дамыту үшін Моңғолия компаниялары келе ме

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оның сөзінше, аймақта ірі қара мал, жылқы және түйе өте көп. Мәселен, түйенің саны 60 мыңнан асады. Мал шаруашылығын ілгерілету үшін біраз жұмыс атқарылып жатыр.

— Түйе сүтін ұнтақ түрінде шығарып, Қытайға экспорттайтын жаңа зауытты биыл іске қосамыз. 350 мың тонна өнімді Қытайға жеткіземіз. Бұл бағытта 10 жылдық офтейк-келісім бар, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Дегенмен, оның сөзінше, малдың терісі мен жүні ысырап болып, босқа қалып жатыр. Бұл секторды моңғолиялық компаниялардан үйрену жоспарда бар.

— Біздің мақсатымыз — моңғол компанияларымен бірлесіп, тері және жүн өңдірісін дамыту. Шикізатты өңдеп, жартылай дайын күйге жеткізуді және шетелдерге экспорттауды көздейміз. Былтыр біздің бизнес өкілдері Моңғолияға барып, кездесулер өткізді. Қазір осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, әкімдік тарапынан қолдау көрсетіп жатырмыз, — деді Ардақ Зебешов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия байланысын дамытудағы жоспарлар жөнінде жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью