Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Олардың арасында сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылғандар да бар.
— Өткен жылы 100-ден астам адамға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Қазіргі күні соның 8-і қоғамдық жұмыс істеу арқылы жазасын өтеп жүр. Қалғаны белгіленген мерзімді толық өтеп, пробация есебінен шығарылды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандар әкімдік белгілеген орындарды абаттандырумен, қар тазалаумен, тазалық жұмыстарымен айналысады. Бұл — жазаны өтеумен қатар, қоғамға пайдалы еңбек етуге мүмкіндік беретін шара, — делінген хабарламада.
Пробация қызметінің негізгі мақсаты — сотталған азаматтарды қоғамнан оқшауламау, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, сондай-ақ оларды заңға бағынатын өмір салтына бейімдеу.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Петропавлдың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты отбасының берекесін алған ер адамға қоғамдық жұмысқа тарту жазасын қолданды.