Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында жылына 3,5 мың тонна өнім өндіретін құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңақорған ауданында салынатын заманауи құс фабрикасы жылына 3,5 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге бағытталады.
"Жобаны іске асыру үшін 1 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққан кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны жүзеге асыруға "Союз Пром Птица" компаниясы тартылған.
Қазіргі уақытта 12 құс қораларының 8-інің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар құс сою және инкубациялық цехтары, әкімшілік ғимараты мен техникалық қызмет көрсету нысаны толық дайын. Тоңазытқыш жабдықтары орнатылған.
Қазіргі таңда қалған төрт құс қорасының құрылысы жалғасуда, арнайы техника мен жабдықтарды сатып алу жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.