Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысы Белкөл станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ.
Оқиға 2 қаңтар 17.10-да болған.
"Нұр Назар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кіреберіс жолында жолдың қисық учаскесінде 9 вагоннан тұратын топты алып тастау кезінде 3-5 км/сағ жылдамдықпен 6 вагон рельстен шығып кетті", - дейді компания.
4 цистернада дизель отыны болған, ал екеуі бос. Вагондар бір бүйірлеп жатып қалған.
Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздардың қозғалысына кедергі болмаған. Жылжымалы құрам мен жол зақымданған жоқ, дейді компания мамандары. Қазір оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр.