Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күріш көлемі өткен жылғыдан 10,9 мың гектарға қысқарып, 70 мың гектар болды. Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 4812 гектар мақсары, 266 гектар жаздық арпа, 3199 гектар жаздық бидай, 19773 гектар жаңа жоңышқа, 237 гектар қант құмайы, 500 гектар судан шөбі егілді. Күріш егу науқаны 16 сәуірде басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 58 гектары егіліп, 26 гектары суға бастырылды, — делінген хабарламада.
Су үнемдеу технологиясын кеңінен қолданысқа енгізу мақсатында алдағы 3 жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Оның 10 млрд теңгеге жуық бөлігі 2026 жылдың еншісінде.
— Биыл су үнемдеу технологиялары көлемін 16 мың 700 гектарға ұлғайту жоспарланған. Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында 6 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. 2025 жылы диқандар күріштің 60 мың гектарын лазерлік тегістеуден өткізсе, биыл бұл көрсеткіш 65 мың гектарға жеткізбек, — деп мәлімдеді басқарма.
Жуырда Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тұқым дайындау толық көлемде қамтамасыз етіліп, 2,3 млн тоннаны құрағанын мәлім етті.