Қызылорда облысында Ауыл аманаты аясында кәсіпкерлік дамып келеді

19.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлігі дамып келеді.

Соңғы екі жылда өңірде 782 жоба жүзеге асты. Мемлекеттің қолдауына ие болғандар мал шаруашылығынан бөлек, өңдеу саласына да басымдық беріп отыр. Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов өңірдегі жұмыстармен танысып, жобаның ауыл тұрғындарының табысын арттырудағы маңызын атап өтті.

Соңғы екі жылда Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 жарым миллиард теңге болатын 782 жоба жүзеге асты. Мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 50-ге жуық кооператив құрылды. Жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет. Бұл ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру үшін маңызды бастама, - деді Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі:

- 5 миллиард ақша арнайы бөлінді. Соған байланысты осында қабылданған жобаларды бүгін қарастырдық. Оның игеру деңгейін жарты жылдың ішінде 470-тен аса жобаның дайындығын қарадық. Сондықтан бұлардың бәрі ашығын айтқанда ауылда тұратын азаматтардың әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік жағдайының жақсаруына, табыс көзінің өсуіне тікелей көмегі болу керек деп ойлаймын. Қызылорда облысында осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар жоғары деңгейде деп айтуға толық негіз бар. 

Үкімет басшысының кеңесшісі Қызылордада жуырда ашылған шағын өндірістік алаңда болды. Бұл ғимаратта мемлекеттің қолдауымен 8 кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Олар нан, тоқаш өнімдерінен бастап, жартылай фабрикат, кондитерлік өнімдер шығарады.

Жібек Мұхимова, шағын өндірістік алаңның құрылтайшысы:

- Оларға үлкен мүмкіндік мемлекет тарапына жасалған. РИЦ мекемесі бар, региональный инвестиционный центр тарапынан өздерінің құрал-жабдықтарына 3 пайызбен несие беріледі. Сонымен қатар жеңілдетілген аренда беріледі.  

Ералы Тоғжанов бірнеше елді мекенге барып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған өндірістік цехтардың жұмысын көрді. Ауыл тұрғындары жиһаз дайындау, тігін өнеркәсібі және құс шаруашылығы секілді кәсіп түрлерін қолға алған.

Жасұлан Сәду, Белкөл кентінің әкімі:

- Көлік тасымалы, жүк тасымалы секілді жобалар қолға алынуда. Былтыр мал бордақылау бағытында жұмыстар жүргізілген болатын. Биыл осы жартылай фабрикаттар көбінесе басым бағыт болып отыр қазіргі таңда. 

Мамандардың айтуынша, жоба аясында кооперативтердің қатарын арттырып, жұмысын жандандыруға басымдық берілмек.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью