Қызылорда облысында биылғы алғашқы әкім сайлауы өтті

09.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сайлаушылар тізіміне 7376 азамат енгізілген. Соның 4743-і немесе 64,30 пайызы бюллетень алды. Оның ішінде есептен шығару куәліктерін таңдаған ешкім болған жоқ. Дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 37 адам дауыс берді. 66 бюллетень жарамсыз деп танылды. Лауазымды қызметке 3 кандидат таласты.

- Дауыс беру нәтижесінде кандидат Ғалымжан Акбаров үшін 1395 дауыс, Нұржан Бисембаев үшін 2932 дауыс, Ережеп Есенкелді үшін 306 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен 44 дауыс берілді. Қорытындысында «АMANAT» партиясы ұсынған Нұржан Бисембаев Тереңөзек кентінің әкімі болып сайланды, - делінген хабарламада.

Ол 1976 жылы туған. Бұған дейін Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған.

Еске салайық, биыл Қызылорда облысында 29 кент және ауылдық округ әкімі сайланады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью