Қызылорда облысында браконьерлерден 2,3 млн теңге айыппұл өндірілді

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлағандай, Сыр өңірін сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 300 түрі мекендейді. Оның 30 шақтысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2025 жыл мен 2026 жылдың 15 ақпаны аралығында Қызылорда облысына 109 128 жануарлар дүниесі объектісін алып қою лимитін бекітті. Оның ішінде қабан, түлкі, қоян, борсық, қаз, үйрек, қасқалдақ, қырғауыл сияқты аң-құстар бар. 

— Браконьерлікпен күрес шаралары басты назарда. Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелер, облыстық жануар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекеме 300-ден астам рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Рейд нәтижесінде 162, оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау қағидаларын бұзудың 29 дерегін анықтады. Балық аулау, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша 99 құқықбұзушылық тіркелді. Заң талабын бұзғандардан 2,3 млн теңге айыппұл толығымен өндірілді, — делінген басқарманың мәліметінде.

Ал өткен жылы Атырау облысында балық аулау ережелерін бұзуға қатысты 2200-ден астам заңбұзушылық тіркелгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью