Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

15.06.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қарасора алқабы полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағы бірлесіп, тікұшақ арқылы әуеден жүргізген бақылау жұмыстары барысында анықталды.

"Бірінші алқапты тексеру барысында 1090 түп қарасора өсімдігі және өсімдіктерді суару мен күтіп-баптауға арналған арнайы құрал-жабдықтар тәркіленді. Аталған дерек бойынша үш күдікті құрықталды. Екінші алқаптан 849 түп қарасора өсімдігі, ерекше иісі бар шөп салынған бір пакет және өсімдік тұқымдары салынған бір пакет тәркіленді. Бұл дерек бойынша оқиға орнында үш күдікті ұсталды. Тергеу барысында алынған заттай дәлелдемелерге сараптама тағайындалып, қорытындыға сәйкес тәркіленген өсімдіктердің қарасора тұқымдасына жататыны анықталды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер қамауға алынды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью