Қызылорда облысында халықты газбен қамту мәселесі бір күн ішінде шешілуі тиіс әкімдік

06.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі барлық операторлардың газ қорына мониторинг жүргізіп, қолдан тапшылықты болдырмау үшін талон арқылы сату және баға саясатына зерделеу жүргізуді тапсырды.

- Заңнама талаптары бұзылған жағдайда нақты шаралар қабылдаңыздар. Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануының алдын алу үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер. Өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын, - деді Данияр Жаналинов.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сонымен қатар газды коммерциялық нысандарға сатпай, бірінші кезекте халықтың сұранысын қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысты.

Бұған дейін Шымкент тұрғындары жанармай құю бекеттеріндегі кезек пен сұйытылған газ  тапшылығына шағымданды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью