Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы 6 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан толық бас тартса, бүгінде олардың саны 37-ге жетті.
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті– Бастама тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал етті. Жалағаш ауданында оған 13 ауыл қосылды. Таң, Еңбек, Есет батыр, Т.Жүргенов, Жаңаталап, Мырзабай ахун, Шәменов, Аққұм, Ақсу, Аққыр, Бұқарбай батыр және Жаңадария, Қаракеткен елді мекендерінің тұрғындары алкоголь өнімдерінен толық бас тарту туралы ортақ шешім қабылдады. Шешім жергілікті қауымдастық, ақсақалдар кеңесі және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында қабылданды. Ауыл кәсіпкерлері тұрғындардың ортақ шешімін қолдау мақсатында сауда орындарында алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқан, - делінген полиция мәліметінде.
Полицейлер ішімдіксіз ауылдарда құқықбұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдар айтарлықтай азайғанын тілге тиек етіп отыр.
– Бүгінде Жалағаш ауданындағы бірқатар ауылдық округте қылмыс тіркелмеген. Бұл — тұрғындардың ауызбіршілігі мен саналы таңдауының нақты нәтижесі. Мұндай игі істер өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негіз болады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай облысында кезекті ауыл - Сатпаев ауылдық округіне қарасты Көктүбек ауылы ресми түрде ішімдіксіз ауыл мәртебесін алған болатын.