Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында 16 жастағы қыз босанды. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас жасау және зорлау деректері бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті дереу ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
"Қазіргі уақытта 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Екінші іс бойынша қажетті кешенді тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процеске қатысушылардың уәжі тексеріліп, дәлелдемелерді жинау және талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Іс Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады.