Қызылорда облысында медицина саласындағы мәселелер көтерілді

06.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Емханалардағы ұзын сонар кезекті жою үшін арнайы колл-орталық ашу керек. Облыс, аудан орталықтарынан шалғайдағы ауыл тұрғындары дер кезінде дәрігердің кеңесін ала алмайды.

Осындай кедергілер салдарынан кейбір науқастар ауруын асқындырып алуы мүмкін. Мәжіліс депутаттарының қабылдауына келген қызылордалық Әділхан Мақашов аталған мәселені шешу жолын да ұсынды. Пациенттердің тез әрі толық ем алуы үшін арнайы қызмет көрсету орталығы мен мобильді қосымша ашу қажет, - дейді. Ол үшін арнайы жоба әзірлеп қойған. Депутаттар бұл мәселені тиісті министрлік арқылы шешу жолдарын қарастыруға уәде берді. 

Әділхан Мақашов, Әлеуметтік медициналық жоба жетекшісі:

- Мысалы, ауылдарда, шалғай елді мекендерде бейінді мамандар жоқ және дәрігерлердің кеңесіне мұқтаж. Пациенттер медициналық қызмет алу барысында көп кедергіге тап болады. Сол кедергілерді жою механизмін ұсындым.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға ұсыныс жасармыз. Осындай жобаларды біз министрлік арқылы жасауымыз керек немесе ФОМС-тың өзі осындай жобаларды қаржыландыру керек. Себебі Колл-орталық болу керек. Ұсынысы Қызылорда облысында осындай колл-орталық ашсақ дейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью