Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Өтініштің басым бөлігі кеңес беру сипатында болды. Азаматтарды МӘМС жарнасын төлеу тәртібі, медициналық қызметпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жолдама және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдеу, медициналық көмек көрсету шарттары, жеңілдік санаты мен тізіміндегі өзгерістер қызықтырған.
— Қор жүйесіне барлығы 736 шағым түскен. Бұл 2024 жылғыға қарағанда 111 шағымға немесе 11,9%-ға аз. Қайтарып алынған шағымдардың үлесі 51,1%-дан 56,3%-ға дейін өсті. 736 шағымның 415-і (56,3%) пациенттерді қолдау қызметі мен медициналық ұйымдардың ішкі сараптама бөлімдері арқылы «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша қайтарып алынған немесе шешімін тапқан. «Қызылордалықтар негізінен не нәрсеге шағымданды?» дегенге келейік. Медициналық көмектің сапасыздығы бойынша 294 (39,9%), медициналық көмек көрсетуден бас тарту бойынша 238 (32,3%), ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды беруден бас тарту бойынша 94 (12,8%) шағым түскен, — деді Жақсылық Абдусаметов.
МӘМС жүйесі іске қосылғалы кері байланыстың бірнеше арнасы пайда болды. Олар — msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және 1414 байланыс орталығы.
— Өтініштер міндетті түрде қаралады және толық шешілгенге дейін бақылауда болады. Филиалда біз өтініштерді талдаймыз. Бұл денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді анықтауға, сондай-ақ МӘМС пен ТМККК аясында медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін халықпен кері байланысты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, — деді филиал басшысы.
Бүгінде Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында 684 мыңнан астам адам, яғни аймақ халқының 83,6%-ы сақтандырылғаны белгілі.