Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы тапты

27.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен үш жасар баланы тапты, деп хабарлайды 24 KZ, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген үш жасар баланы байқаған.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты. Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған.

Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді. Қызметтік міндетін адал атқарып, дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшыларының бұл әрекеті – кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің үлгісі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью