Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15.03.2026

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Референдум барысы туралы тәуелсіз байқаушы Бақтияр Таубайұлының пікірін білген едік.  

«Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданының №289 дауыс беру учаскесінде референдум барысы халықаралық стандарттар мен заң талаптарына сай өтіп жатыр. Түстен кейін де дауыс берушілер саны саябырсыған жоқ. Ешқандай заңбұзушылық болған жоқ. Референдум – ел тағдыры мен болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын ерекше сәт. Сондықтан әрбір адамның референдумға қатысуы өте маңызды. Әр азаматтың дауысы – мемлекетіміздің дамуына, тұрақтылығы мен келешегіне қосылған үлес. Біз тәуелсіз елдің азаматтары ретінде қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамай, өз пікірімізді білдіру арқылы ел болашағына жауапкершілікпен қараймыз. Референдумға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен бірге азаматтық борышымыз. Әр дауыс – елдің ертеңі үшін жасалған қадам», – деді тәуелсіз байқаушы Бақтияр Таубайұлы.

Бұған дейін  Ұлытау облысындағы референдумның барысы туралы хабарлаған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью